Моңғолияда этникалық қазақтар арасында жыл сайынғы бүркіттер фестивалі өтті

Этникалық қазақ аңшылары қатысатын жыл сайынғы Баян-Өлгей аймағындағы «Golden Eagle festival» бүркіттер фестивалі өтеді. Онда олар құстарының аң аулаудағы мүмкіндігін көрсететін болады. Моңғолиядағы бұл жыл сайынғы бүркіттер фестивалі аңшылардың дәстүрлі мәдениетімен таныстырады. Фестивальді жергілікті қазақтар қауымдастығы мен бүркітшілер қауымдастығының мүшелері ұйымдастырды. Келесі жылы фестиваль 1-2 қазанда өтеді. Моңғолиядағы белгілі фотографтардың бірі Батзая аталған шараны суретке түсірді. kazinform.kz